$ 491.59  572.16  6.24

«Тірі шығар деп үміттендік»: Атырауда өлтірілген марқұмдардың туыстары мәлімдеме жасады

"Бірақ кеше сүйектері табылды дегенді естігенде оңай болған жоқ". 

Фото: arasha.kz
Фото: arasha.kz

Атырау облысында болған қанды оқиғаға байланысты марқұмдардың туысы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
КТК телеарнасының тілшісі Жанат Молдашевамен сұхбаттасқан құрбандардың жақыны Шалқар Мұқанғалиев бұл хабардың отбасы үшін өте ауыр тигенін айтты.

Оның сөзінше, күдіктілер ұсталып, елге жеткізілгені туралы ақпарат шыққанда туыстары соңғы сәтке дейін үміттенген.

«Қылмыскерлер ұсталды, елге әкелді деген кезде бір үміт болған еді. Бәлкім, тірі шығар дедік. Сондай үмітіміз оянған еді. Бірақ кеше сүйектері табылды дегенді естігенде оңай болған жоқ. Сабыр еткеннен басқа қолдан келер шара жоқ», – деді ол.

Шалқар Мұқанғалиевтің айтуынша, жақындарының сүйектерінің табылғанының өзі отбасы үшін бір жағынан маңызды болған.

«Сүйектің табылғанының өзі біз үшін жақсы жаңалық болып тұр. Өмір бойы іздеп жүргеннен, “қайда кетті, тірі ме?” деген белгісіздікте жүргеннен гөрі… Ендігі мақсатымыз – елге апару, жерлеу, жаназасын шығару. Сол парызымызды орындаймыз, бұйырса», – деді марқұмдардың туысы.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 1