$ 493.36  572.84  6.29

Әзірбайжан Ирандағы елшілігін эвакуациялап жатыр

Бұл туралы Әзірбайжан сыртқы істер министрі Жейхун Байрамов мәлімдеді. 

Фото: WRAL
Фото: WRAL

Әзірбайжанның сыртқы істер министрлігі Тегерандағы елшілігі мен Тебриздегі бас консулдығындағы қызметкерлерін эвакуациялауда, деп хабарлайды  Sn.kz ақпарат порталы. 

Бұл туралы Әзірбайжан сыртқы істер министрі Жейхун Байрамов Молдова Республикасы премьер-министрінің орынбасары және сыртқы істер министрі Михай Попшоймен бірлесе өткізген баспасөз мәслихатында мәлімдеді, деп хабарлайды apa.az 2026 жылғы 6 наурызда.

Министр өз жалғасын тауып жатқан шиеленісті оқиғаларды ескере отырып, адамдардың өмірін қауіп-қатерге тігуге болмайтынын айтты.

"Қазіргі уақытта елшілік пен бас консулдықтағыларды эвакуациялауға дайындық жүріп жатыр", - деді Әзірбайжанның сыртқы істер министрі.

 

5 наурызда Әзірбайжанда екі ұшқышсыз ұшу аппараты құлады, біреуі - әуежайға және екіншісі - мектепке. Дрондарды Иран ұшырды деген болжам бар. Алайда Тегеран оған қатысы бар екенін жоққа шығарды. Қасым-Жомарт Тоқаев дрондар шабуылын айыптады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0