$ 493.85  571.78  6.25

Астана маңындағы отбасының өлімі: Іске қатысты тың дерек шықты

Астана маңындағы Жібек жолы ауылында болған жаппай кісі өлтіру туралы ақпарат көпшіліктің назарына ілікті. 

Фото: polisia.kz
Фото: polisia.kz

Ақмола облысы Жібек жолы ауылында бірнеше адамды өлтірді деген күдікке ілінген адам бұрын да сотталған, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Қылмыстық істің кейбір мән-жайын Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов айтып берді, деп жазады Azattyq Rýhy.

«Күдікті бұған дейін сотталған. Қазір ол күдікті ретінде танылып, қамауға алынды. Сот санкциясымен қамауда отыр. Қылмыстық іс бойынша бірнеше жәбірленуші бар екенін растаймын. Қаза тапқандардың барлығы анықталды, олардың жеке басы сәйкестендірілді. Сот-медициналық сараптамалар тағайындалды», – деді министрдің орынбасары Сенаттың кулуарында берген сұхбатында.

Астана маңындағы Жібек жолы ауылында болған жаппай кісі өлтіру туралы ақпарат көпшіліктің назарына ілікті. 

Қаза тапқандардың туыстары мен көршілері ұсталған адамның психиатриялық есепте тұрғанын айтқан. Алайда ІІМ орынбасары бұл ақпаратты растаған жоқ. Дегенмен күдіктінің бұрын сотталғанын мәлімдеді.

Сондай-ақ Санжар Әділов оқиға орнында тергеу-жедел тобының жұмысы әлі де жалғасып жатқанын айтты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0