$ 497.33  586.7  6.48

«Аяқ алып жүру мүмкін емес»: Еуропа төрінде Қазақстан туы трендке айналды

Бұл жай ғана спорттық жеңіс емес, ел беделінің халықаралық деңгейде артуының айқын дәлелі.

Фото: Чемпионат
Фото: Чемпионат

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоровтың Миландағы тарихи жеңісінен кейін италиялықтар қазақ еліне ерекше қызығушылық таныта бастады. Белгілі спорт журналисі Аслан Қаженов Еуропа төріндегі отандастарымызға деген ілтипаттың ерекше екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Италия көшелерінде қазақ елінің көк байрағына үңілген жандар көбейген. Журналистің айтуынша, Михаил Шайдоровтың алтын жүлдесінен кейін жергілікті тұрғындар мен туристер Қазақстан туралы көбірек білгісі келіп, сұрақтың астына алған.

Бұл жай ғана спорттық жеңіс емес, ел беделінің халықаралық деңгейде артуының айқын дәлелі. Шайдоровтың еңбегі шетелдіктерді картадан Қазақстанды іздеуге мәжбүр еткен.

Аслан Қаженов бұл сәттің ешқандай материалдық құндылықпен өлшенбейтін мәртебе екенін атап өтті. Оның сөзінше, спортшының жеңісі ұлттық рухты көтеріп, мемлекеттің танымалдылығын жаңа белеске шығарды.

Мұндай сәттерде халықаралық аренадағы әрбір жетістік елдің имиджіне тікелей әсер ететін басты құралға айналады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0