22.02.2026, 07:30

Жексенбіде қай өңірлерде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Фото: pixabay

Түркістан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі.

"Қазгидромет" РМК синоптиктері ертең, 22 ақпанда елдің басым бөлігінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Түркістан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, түнде және таңертең облыстың тау асуларында күші 15-20 м/с. Шымкент қ.: 22 ақпанда түнде және таңертең тұман күтіледі. Түркістан қ.: 22 ақпанда түнде және таңертең тұман күтіледі.

Маңғыстау облысының солтүстігінде, орталығында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, таңертең және күндіз облыстың батысында, орталығында екпіні 15-20 м/с. Ақтау қ.: 22 ақпанда солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-18 м/с күтіледі.

Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында аздаған қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ, күндіз облыстың солтүстігінде қар, бұрқасын, облыстың орталығында аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында тұман. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында екпіні 15-20 м/с. Жезқазған қ.: 22 ақпанда күннің соңында аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Кей уақыттарда тұман. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15 м/с.

Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында қар, бұрқасын, күндіз облыстың батысында қар, бұрқасын, облыстың солтүстігінде, шығысында аздаған қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың шығысында, оңтүстігінде тұман. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Қарағанды қ.: 22 ақпанда түнде қар, жаяу бұрқасын, күндіз аздаған қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15 м/с.

Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман, жолдарда көктайғақ күтіледі. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с. Алматы қ.: 22 ақпанда түнде және таңертең тұман күтіледі. Қонаев қ.: 22 ақпанда түнде және таңертең тұман күтіледі.

Абай облысының орталығында қар, бұрқасын күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, түнде облыстың орталығында 15-20 м/с.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында аздаған қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Орал қ.: 22 ақпанда түнде және таңертең тұман күтіледі.

Астанада кей уақыттарда қар, бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с.

Шығыс Қазақстан облысының батысында қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі. Жел шығыстан соғады, түнде облыстың батысында 15-20 м/с.

Қызылорда облысының орталығында тұман күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде күші 15-20 м/с күтіледі. Қызылорда қ: 22 ақпанда кей уақытта тұман күтіледі.

Қостанай облысында қар, жаяу бұрқасын, түнде облыстың батысында, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында қатты қар күтіледі. Облыстың оңтүстігінде көктайғақ. Облыстың батысында, оңтүстігінде тұман. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, шығысында екпіні 15-20 м/с. Қостанайда қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде қар, жаяу бұрқасын, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында аздаған қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың орталығында, күндіз облыстың оңтүстігінде, орталығында екпіні 15-18 м/с.

Жетісу облысының орталығында, таулы және тау бөктеріндегі аудандарында кей уақыттарда тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың шығысында, таулы аудандарында екпіні 15-20, Алакөл көлдері ауданында кей уақыттарда 23-28 м/с. Талдықорған қ.: 22 ақпанда түнде және таңертең кей уақыттарда тұман күтіледі.

Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде қар, бұрқасын күтіледі. Шығыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

Солтүстік Қазақстан облысында қар, бұрқасын, күндіз облысының батысында, оңтүстігінде қатты қар күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облысының солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с, күндіз күші 15-20, облысының батысында, оңтүстігінде екпіні 23-28 м/с. Петропавлда қар, бұрқасын, күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20 м/с.

Жамбыл облысында кей уақыттарда тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың таулы аудандарында, күндіз облыстың оңтүстік-батысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. Таразда кей уақыттарда тұман күтіледі.

Ақмола облысында қар, бұрқасын, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде қатты қар күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с, күндіз екпіні 15-20 м/с. Көкшетауда кей уақыттарда қар, жаяу бұрқасын күтіледі.