Оның айтуынша, ерлі-зайыпты бір мақсатқа бірігіп, соның жолында еңбек етуі керек.
Кәсіпкер Айнұр Бектұрғанова кейбір психологтардың айтқанына еріп, отбасының берекесін кетіретін әйелдерді сынады. Ол журналист Әйгерім Сейфолланың подкасында қонақ болған, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
«Қазіргі таңда психологтар айтып жатыр ғой, «өте қымбат іш киім ки, күйеуіңді аяма, сені не үшін алды» деген сияқты. Оның бәрі надандық. Қазір маған солар ренжуі мүмкін: «біз табыс көзімізден айырдың» деп. Бірақ біз бұған бейжай қарай алмаймыз. Ер азамат далада таксист болып кешке дейін 50–30 мыңды әрең тауып әкеледі. Сен оны бағалауың керек. Ер азамат өз міндетін біледі, уайымдамаңыз. Оның қанымен келген ақша табу қабілеті бар, Алладан келген нәрсе оны ұйықтатпайды. Бірақ әйел адам сауатсыз болса, ақшаны мақсатсыз жұмсаса, бәрі бұзылады»,- дейді ол.
Оның айтуынша, ерлі-зайыпты бір мақсатқа бірігіп, соның жолында еңбек етуі керек.
«Ортақ мүдде болуы керек. Біз биыл үй саламыз, келесі жылы көлік аламыз, кейін кәсіп ашамыз, баланы оқытамыз деген. Сол кезде қара басты ойлау, нәпсің әлсіреді. Аяқ астынан «айфон аламын, мен Дубайға баруым керек» дегендей нәрселер болмайды. Әке ортақ мақсатқа қарай жұмыс істейді, сен соның жанында боласың. Бұл өмірде мал табу – ер азаматтың парызы, ал әйел қадір-құрметін сақтауы керек»,- деп ойын бөлісті ол.