Құлаған бұл кіреберісте ешкім тұрмаған. Зардап шеккендер жоқ.
Бүгін таңертең Балқашта сағат 08:10-да Қараменде би көшесі, 10 мекенжайында орналасқан үйдің бір бөлігі опырылып, құлады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Аталған кіреберсіте ешкім тұрмаған. Зардап шеккендер жоқ. 2025 жылы көрсетілген кіреберіс Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүргізілген техникалық қорытынды мен құрылыс сараптамасының негізінде апатты деп танылған. 5-кіреберістің тұрғындары алдын ала қоныс аударылып, пәтерлері тұруға жарамсыз деп танылғандықтан, заңда белгіленген тәртіппен тұрғын үйге мұқтаж азаматтар ретінде есепке қойылғаннын хабарлаймыз. Құлау сәтінде қаза болғандар мен зардап шеккендер тіркелген жоқ. Ғимарат қоршауға алынып, кіруге шектеу қойылды, инженерлік коммуникациялар (электр, жылу, су жүйелері) белгіленген тәртіппен ажыратылды. Қазіргі уақытта құрылыс және өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын сақтай отырып, 5-кіреберісті демонтаждау жұмыстары жүргізілуде. Демонтаж жұмыстары аяқталғаннан кейін қалған 4 кіреберісте қосымша техникалық тексеру және құрылыс сараптамасы жүргізіледі. Алдағы уақытта қалған кіреберістер конструкцияларын күшейту бойынша жұмыстарды жүргізуге арналған жобалық-сметалық құжаттама белгіленген тәртіппен әзірленетін болады.