13.02.2026, 08:30

«Боран, қалың қар»: Бүгін ел аумағында қатты аяз күтіледі

Фото: canva

Ел аумағында тұман мен желдің күшейеді.

"Қазгидромет" РМК мамандары алдағы жұма, 13 ақпан 2026 жылы Қазақстанда қандай ауа райы болатынын айтты, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Болжамға сәйкес, Қазақстанның басым бөлігінде антициклон әсер ететін болады, бұл аязды, жауын-шашынсыз ауа райына әкеледі.

"Тек елдің оңтүстік-батысы, оңтүстігі және оңтүстік-шығысында атмосфералық фронттар өтуіне байланысты жауын-шашын (жаңбыр, қар) түседі, боран соғып, таулы аудандарда қалың қар жауады", – деп хабарлады "Қазгидромет" баспасөз қызметі.

Сонымен қатар, ел аумағында тұман мен желдің күшейеді.