«Құрмет белгісі» орденімен марапатталған. ҚР еңбек сіңірген әртісі.
81 жыл бұрын (1945) Қазақ радиосының сандуғашы, қырық жылға жуық диктор болған Сауық Мәсіғұтқызы ЖАҚАНОВА дүниеге келді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Қазақ радиосының сандуғашы атанған Сауық Жақан Мәсіғұтқызы, 1945 жылы 11 ақпанда Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданының Еркіндік ауылында туған.
Қарағанды облысында туған. С. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірген.
С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірген (1966), филолог. Доцент. «Сөйлеу техникасы» (2002), «Жүргізушінің сөйлеу мәдениеті» (2004) кітаптарының авторы. Қазақ және орыс тілдерін біледі. 1966-2002 жылдары - Қазақ радиосының дикторы. 1998 жылдан бері - Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының сахналық сөйлеу пәнінің дәріскері. 2000 жылдан бері - әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетінде дәріскер, доцент.
«Құрмет белгісі» орденімен марапатталған (1985). Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген әртісі (1995). Діни көзқарасы - ислам. Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Гүлденген Қазақстанның келешегіне сенемін».
Тұрмыс құрған. Жұбайы - Қомбаров Мәрлен, экономист. Ұлдары - Қомбаров Саян (1972 жылы туған), Қомбаров Ерлік (1981 жылы туған).
«Сөйлеу техникасы», «Жүргізушінің сөйлеу мәдениеті» кітаптарының авторы.
«Құрмет белгісі» орденімен марапатталған. ҚР еңбек сіңірген әртісі.