Көше бойындағы жол үгітіліп, ойдым-ойдым шұңқыр көбейген.
Жамбыл облысы, Меркі ауданына қарасты Интернациональная ауылындағы Ақбастау көшесінің жағдайы тұрғындарды алаңдатып отыр, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Көше бойындағы жол үгітіліп, ойдым-ойдым шұңқыр көбейген.
Салдарынан жүргізушілер көлігін баяулатып, кей тұста шұңқырды айналып өтуге мәжбүр.
Тұрғындар күнделікті қатынастың қиындағанын, әсіресе жаңбырлы күндері жол одан әрі бүлініп кететінін айтады.
Жолдың бұл күйі жаяу жүргіншілерге де қолайсыздық тудырып, балалар мен қарттар үшін қауіпті болып отыр.