05.02.2026, 10:10

8-сынып оқушысы сыныптастарына бензин шашып, от жаққан

Фото: видеодан скриншот

14 жастағы 8-сынып оқушысы сабаққа балтамен кірген.

 

Красноярск қаласындағы №153 мектепте жантүршігерлік оқиға болды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Алдын ала мәлімет бойынша, 14 жастағы 8-сынып оқушысы сабаққа балтамен кірген.

Ол сыныптастарына бензин шашып, артынша от жаққан. Сонымен қатар бірнеше жасөспірімді балтамен жарақаттағаны айтылады.

Салдарынан 5 оқушы зардап шеккен: Бір жасөспірімнің денесінің шамамен 40 пайызы күйіп, ауыр халде жатыр. Екі оқушы шамамен 15 пайыз күйік алған.

Тағы екеуі бас-ми жарақатымен ауруханаға жеткізілген. Оқиға орнында жедел қызметтер жұмыс істеп жатыр. Қ

ұқық қорғау органдары шабуылдың себебі мен мән-жайын анықтауда.