05.02.2026, 10:20

Тоқаев Бас прокурордың орынбасарын тағайындады

Фото: gov.kz

Ресми ақпаратты Ақорданың баспасөз қызметі жариялады.

2026 жылдың 5 қаңтарында мемлекет басшысының өкімімен ҚР Бас прокурорының орынбасары тағайындалды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Ресми ақпаратты Ақорданың баспасөз қызметі жариялады.

"Мемлекет басшысының өкімімен Ерлан Рақымжанұлы Өтегенов Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасары лауазымына тағайындалды", – деп жазылған ақпаратта.

Ерлан Рақымжанұлы Өтегенов – 1976 жылы дүниеге келген, Қазақ мемлекеттік заң университетін "Құқықтану" мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1997 жылы Алматы облысы прокуратурасының жанындағы прокуратура, сот органдарының құқықтық статистика және ақпарат орталығының талдау жұмысы бөлімінің бас маманы лауазымынан бастады.

Кейіннен Алматы облысы прокуратурасының Қапшағай қаласы прокурорының көмекшісі, аға көмекшісі, Алматы облысы прокуратурасының алдын ала тергеу және анықтау заңдылығын қадағалау басқармасының прокуроры, аға прокуроры, Оңтүстік Қазақстан облысы прокуратурасының алдын ала тергеу және анықтау заңдылығын қадағалау басқармасы бастығының орынбасары, Алматы табиғат қорғау прокурорының орынбасары, Алматы облысы Қарасай ауданы прокурорының орынбасары, Ақмола облысы Целионград, Егіндікөл аудандарының прокуроры лауазымдарын атқарды, Алматы облысы Талғар ауданының прокуроры, Алматы қаласы бойынша Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің басқарма бастығы, Қазақстан Республикасы Бас Прокуроры Аппаратында Бас Прокурордың аға көмекшісі, Нұр-Сұлтан қаласы прокурорының орынбасары қызметтерін атқарған. 2022 жылдың мамырынан бастап – Нұр-Сұлтан қаласының прокуроры, 2022 жылдың қыркүйегінен бастап – Астана қаласының прокуроры. Сыныптық шені – 3 сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі.