$ 498.65  589.06  6.49

Депутат Конституциялық өзгерістерді күн тәртібіне шығаруды ұсынды

Ол бұл бастама қоғамда қызу талқыланып жатқан реформаларға ресми саяси баға беру қажеттігінен туындағанын айтты.

Фото: Мәжіліс
Фото: Мәжіліс

Мәжіліс депутаты Ермұрат Бәпи елдегі конституциялық өзгерістерге қатысты мәселені Парламенттің пленарлық отырысының күн тәртібіне енгізуді ұсынды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Ол бұл бастама қоғамда қызу талқыланып жатқан реформаларға ресми саяси баға беру қажеттігінен туындағанын айтты.

Депутаттың сөзінше, 2022 жылғы 5 маусымда өткен республикалық референдумнан кейін Қазақстанда саяси жүйені жаңғырту үдерісі басталған.

Алайда соңғы айларда әлеуметтік желілерде ұсынылып отырған конституциялық өзгерістерге қатысты біржақты әрі нақты дерекке сүйенбеген сындар көбейген. Ермұрат Бәпи бұл жағдай қоғамда негізсіз алаңдаушылық тудырып отырғанын атап өтті.

Ол Конституция жобасының 48-бабына байланысты тараған күдіктерге тоқталып, экс-президенттің отбасы мүшелерінің билікке келуіне заң жүзінде тыйым салынғанын еске салды.

Аталған шектеу 2022 жылғы 8 маусымда қабылданған конституциялық заңмен бекітілген. Депутат тіл мәселесіне қатысты да нақты норма келтіріп, жаңа Конституция жобасында мемлекеттік тіл мәртебесін әлсірететін ешқандай өзгеріс жоқ екенін мәлімдеді. Оның айтуынша, құжаттың басты мақсаты – елдің қауіпсіздігін, тәуелсіздігін және саяси тұрақтылығын қамтамасыз ету.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0