$ 498.65  589.06  6.49

«Менің атымнан жалған хабар тарап жатыр»: Мұхтар Шаханов жаңа Конституцияны қолдайтынын айтты (ВИДЕО)

Оған сенбеңіздер.

Фото: Sputnik / Абзал Калиев
Фото: Sputnik / Абзал Калиев

Журналист Арман Әубәкір Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында ақын Мұхтар Шахановтың бейнеүндеуін жариялады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Бейнежазбада ақын өз атынан тараған жалған ақпараттарға қатысты пікір білдіріп, әлеуметтік желіде оның есімін пайдаланып фейк мәліметтер таратылып жатқанын айтты.

«Қазіргі уақытта менің атымнан жалған ақпарат тарап жүр. Оған сенбеңіздер. Мен Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа Конституциясын және жүргізіп отырған саясатын толық қолдаймын», – деді Мұхтар Шаханов видеоүндеуінде.

Бұған дейін ақынның атынан Facebook желісінде өзге біреу парақша ашып, онда мемлекеттік тіл мәселесіне қатысты жазбалар жариялап отырғаны белгілі болған.

Аталған жалған парақшада «Мемлекеттік тіл үшін өлуге де, сотталуға да болады» деген жазба жарияланып, оған шамамен 4 мыңға жуық қолданушы лайк басып, 500-ден астам пікір қалдырған.

Арман Әубәкірдің айтуынша, дәл осы жазбадан кейін Мұхтар Шаханов аталған парақшаның өзіне тиесілі емес екенін мәлімдеп, арнайы видео түсіріп, халыққа үндеу жасаған.

 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 3
Ашулы 0