Бұл жөнінде істі зерттеп жүрген журналист Жанат Молдашова әлеуметтік желідегі парақшасында жазба жариялады.
Атырау облысында із-түссіз жоғалған отбасыға қатысты тың дерек шықты, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Бұл жөнінде істі зерттеп жүрген журналист Жанат Молдашова әлеуметтік желідегі парақшасында жазба жариялады. Оның айтуынша, басты күдіктінің ата-анасының қарауында болған бес бала уақытша балалар үйіне жеткізілген.
«Күдіктінің ата-анасындағы бес баланы бүгін шырылдатып балалар үйіне алып кетіпті. Ертең ресми ақпарат сұраймын. Бұған дейін құзырлы органдар “балалар әзірге ата-әжесінде, жақын туыстарының қасында болады” деген еді», – деп жазды журналист.
Қазіргі таңда аталған ақпаратқа қатысты ресми органдар тарапынан түсініктеме берілген жоқ. Журналист бұл жайтты нақтылау үшін тиісті мекемелерден жауап күтетінін айтты.