$ 505.17  599.54  6.59

Ақмола облысында қаңғыбас иттерден қауіп күшейді

Аудан әкімдігі мәселені қағаз жүзіндегі есеппен шектеп, нақты қауіпке жүйелі жауап бермей отыр.

Фото: pixabay
Фото: pixabay

Ақмола облысы, Целиноград ауданына қарасты Қараөткел ауылында қаңғыбас иттер мәселесі шешілмей отыр. Әлеуметтік желіде жарияланған видеода ауыл ішінде иттердің топтасып жүргені, тұрғындардың, әсіресе балалардың қауіпсіздігіне қатер төнгені айтылған, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Видео авторының мәліметінше, жергілікті билік ауылда төрт қаңғыбас ит ауланғанын ресми хабарлаған. Алайда тұрғындардың айтуынша, ауылдағы ит саны бұдан әлдеқайда көп және олар көшеде еркін жүр.

Сонымен қатар, иттерді аулау бойынша шығу актісі, аулау актісі және жануарлардың қайда жеткізілгені туралы ресми ақпарат ұсынылмаған. Тұрғындар бұл деректердің ашық жарияланбағанына наразы.

Ауылда көктайғақтың болуы және кей көшелерде жарықтың қарызға байланысты сөндірілгені жағдайды одан әрі ушықтырып отыр. Мұндай жағдайда адамдардың өмірі мен денсаулығына нақты қауіп бар.

Аудан әкімдігі мәселені қағаз жүзіндегі есеппен шектеп, нақты қауіпке жүйелі жауап бермей отыр.

Тұрғындар қаңғыбас иттерді нақты түрде аулауды, жүргізілген жұмыстардың құжаттарын жариялауды және қабылданатын шаралар мен мерзімдерді ашық хабарлауды талап етуде.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0