$ 501.02  597.27  6.59

«Күлгенін көрген емеспіз»: Маңғыстауда көршілер күйеуі пышақтап өлтірген әйел жайлы айтты

"Бұл жағдай қызғаныштан болуы мүмкін". 

Фото: видеодан скриншот
Фото: видеодан скриншот

Маңғыстауда балаларының көз алдында күйеуінің қолынан қаза тапқан әйел туралы көршілері айтып берді. Күдікті деп ұсталған күйеуі 44 жастағы Назгүл Ізбасарованы қызғаныштан өлтірген дейді ауыл адамдарды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы “Жетінші арнаға” сілтеме жасап.

Әйелін өлтірген ер адам бірден ұсталып, күдікті ретінде қамауға алынды. Белгілі болғандай ерлі-зайыптының 7 баласы бар. Оның бесеуі – кәмелет жасқа толмағандар. Балалардың ең кішкентайы небәрі үш жаста. Ал екі үлкен қызы тұрмыста. 

Көршілердің айтуынша, бұған дейін ерлі-зайыптының жанжалдасқанын көрмеген. Бірақ әйелдің осы уақытқа дейін әйелдің жадырап, күліп жүргенін көрмеген. 

“Бұған дейін айқай, жанжалды естіген емеспіз. Ол тыныш, момын адам еді. Бірақ ешқашан оның күліп жүргенін көрмеппін. Үнемі біртүрлі тұйық, ойлы болып көрінетін. Біздің ауыл кішкентай, бәрі бірден біліп отырады. Адамдардың айтуынша, бұл жағдай қызғаныштан болуы мүмкін. Бірақ кім білсін”, – дейді Қызылсай аулының тұрғыны Айсұлу Оңайбаева.

Полицияға да бұрын-соңды отбасындағы жанжал туралы шақырту түспеген. 

“Алдын ала белгілі болғандай, жанжал отбасылық тұрмыстық негізде болған. Аталған факт бойынша қылмыстық кодекстің 99-бабы, 2-бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты, толық және объективті тергеу үшін тергеу жұмыстары жүргізіләп жатыр”, – деді Жаңаөзен қаласы полиция басқармасының бастығының орынбасары Мақсат Сағынов.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 1