$ 503.9  603.32  6.61

Тоқаев Руслан Желдібайды қызметінен босатты

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті.

Фото: Ақода
Фото: Ақода

Мемлекет басшысының Жарлығымен Руслан Сұлтанұлы Желдібай Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Президенттің Баспасөз хатшысы лауазымынан босатылды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Руслан Желдібай 1989 жылы Жамбыл облысында туған.

Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін, Уорик университетін (Ұлыбритания) бітірген. «Болашақ» бағдарламасының түлегі.

Еңбек жолын 2012 жылы «Қазақстан» телеарнасында редактор болып бастаған.

2012-2018 жж. – «Алматы» телеарнасында бөлім басшысы, продюсер.

2018-2019 жж. – ҚР Ақпарат және коммуникациялар комитетінің Интернет кеңістігіндегі және әлеуметтік желілердегі ақпараттық жұмыс жөніндегі басқарма басшысының м.а., басшысы.

2019-2020 жж. – ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитеті төрағасының орынбасары.

2020 жылдың мамыр айынан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімі меңгерушісінің орынбасары болды.

2022 жылдың сәуір айынан 2023 жылдың қаңтар айына дейін – Қазақстан Республикасы Президентінің Баспасөз хатшысы;

2023 жылы 5 қаңтарда Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары – Президенттің Баспасөз хатшысы болып тағайындалды.

2023 жылы 1 қыркүйекте Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Президентінің ішкі саясат мәселелер және коммуникациялар жөніндегі көмекшісі болып тағайындалған еді. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0