$ 505.71  591.43  6.65

«Тұншықтырып, шапалақпен ұрған»: Алматыда балабақшалардың бірінде тәрбиеші бүлдіршінді аяусыз ұрған

Тәрбиешіге қатысты іс қаралып, оған 4 жыл бас бостандығынан айыру үкімі шыққан.

Фото: видео скриншот
Фото: видео скриншот

Алматы қаласының тұрғыны балабақшаға баратын баласын тәрбиешілердің бірі соққыға жыққанын айтты. Әкесінің айтуынша, баласын тұншықтырып, соққыға жыққан, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Желідегі мәліметке сүйенсек, бүлдіршінді балабақшаның тәрбиешісі мен менеджері қатысы соққыға жыққан.

Тәрбиешіге қатысты іс қаралып, оған 4 жыл бас бостандығынан айыру үкімі шыққан. Ал менеджерге қатысты тергеу бір жылға жуық уақыт бойы жүргізіліп келеді.

Бүлдіршіннің әкесі істің ұзаққа созылып жатқанын, қызметкердің әлі де бостандықта екенін және зардап шеккен баланың жағдайына қызығушылық танытпайтынын мәлімдеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0