Сот-медициналық сараптама тағайындалды.
Жамбыл облысы Шу ауданында 46 жастағы ер адам кәмелетке толмаған қызды бір жарым жыл бойы зорлаған. Бұл туралы Sn.kz ақпарат порталы хабарлайды.
Күдікті жәбірленушіге алғаш рет 12 жасында аудандағы фермада жыныстық зорлық-зомбылық көрсеткен. Содан кейін ол оның қаржылық жағдайын пайдаланып, қылмысын қайталаған.
Іс Қылмыстық кодекстің 122-бабы (Көрінеу он алты жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынас немесе сексуалдық сипаттағы өзге де әрекеттерді жасау, сол сияқты көрінеу кәмелетке толмаған адам көрсететін жезөкшелік қызметті, сексуалдық сипаттағы өзге де қызметті алу) бойынша қозғалды. Алайда кейінірек 120-бапқа (зорлау) қайта жіктелген.
Сот-медициналық сараптама тағайындалды.
Күдіктінің жәбірленушінің отбасының туысы екені белгілі болды. Қазір ол ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.