Дональд Трамптың бастамасымен құрылған Бейбітшілік кеңесінің Жарғысына қол қою рәсімі өтеді.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Давостағы Конгресс орталығына келді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Санаулы сәттерден кейін мұнда АҚШ Президенті Дональд Трамптың бастамасымен құрылған Бейбітшілік кеңесінің Жарғысына қол қою рәсімі өтеді.
Айта кетейік, Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ Президенті Дональд Трамптың шақыруымен Бейбітшілік кеңесінің Жарғысына қол қою рәсіміне қатысу үшін Давос қаласына жұмыс сапарымен келетінін хабарлаған болатынбыз.