$ 507.05  594.82  6.51

СҚО-да 16 адамды үсік шалды

Емдеу мекемесінің мәліметінше, дәрігер көмегіне жүгінгендердің 954-і – қала тұрғыны, қалғандары ауылдардан келген.

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Петропавл қалалық көпсалалы жедел медициналық көмек ауруханасының жарақат бөліміне жыл басынан бері 1134 адам қаралды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Емдеу мекемесінің мәліметінше, дәрігер көмегіне жүгінгендердің 954-і – қала тұрғыны, қалғандары ауылдардан келген. Соның ішінде шамамен әр екінші адам көше жарақатын алған.

Қалғандары күнделікті тұрмыста аяқ, қолын сындырып, күйік алып, дәрігерге қаралған. Сонымен қатар, 9 жағдай жол-көлік оқиғаларымен байланысты болған.

Аяз қысқалы үсік шалғандар саны артқан. Ауруханаға 16 тұрғын үсік шалу белгілерімен жеткізіліп, 10 науқас қазір стационарлық ем қабылдап жатыр. Кейбірінің өміріне араша түсу үшін оларды реанимация бөліміне жатқызуға тура келді. 

Мәселен, жарақат бөліміне жеткізілген 61 жастағы ер адам қатты тоңған екен. Тексере келе оның екі аяғының табаны үсіп кеткені анықталды. Ауруханаға түскен кезде ер адам мас болған. 

Бірден жансақтау бөліміне жатқызылған 56 жастағы тағы бір науқас та ауруханаға мас күйде жеткізілген. Оның екі қолының да саусақтары үсіп кеткен. Дәрігерлер IV дәрежелі үсік алу диагнозын қойды. Оның да жағдайы ауыр, медициналық көмек көрсетіліп жатыр.

Дәрігерлер тұрғындарды қолайсыз ауа райында қауіпсіздік шараларын сақтауға, әсіресе алкогольдік ішімдіктен бас тартып, суықта ұзақ жүрмеуге шақырады.

СҚО-да бұл күндері қайтадан күн қатты суытып, арнайы қызметтер халықты ескертіп жатыр. Бүгін түнде сынап бағанасының -35 градусқа дейін төмендеуіне байланысты қоғамдық және дизель отынымен жүретін көліктердің жолға шығуына шектеу қойылды. 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Тегтер:

#СҚО #үсік шалу