Қазіргі таңда Алмабаев өз дивизионының рейтингінде жетінші орында тұр.
ММА туралы жазатын америкалық сарапшы әрі журналист Джейден Кейбл UFC-де ең жеңіл салмақта өнер көрсететін қазақстандық файтер Асу Алмабаевтың (23-3) болашағына жоғары баға берді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Америкалық журналист Х әлеуметтік желісіндегі жазбасында Алмабаевты дивизиондағы ең жан-жақты спортшылардың бірі деп атап, оның чемпиондық атаққа толық лайық екенін жеткізді.
«Қысқасы, Асу Алмабаев – дәл қазір аса жеңіл салмақтағы ең әмбебап файтер. Ол болашақта UFC чемпионы атанады. Манель Капемен айқасында қарсыласы ереже бұзып, бірнеше рет оның көзін шұқып алды», – деп жазды Кейбл.
Еске салайық, Асу Алмабаев 28 ақпанда Мехикода өтетін UFC Fight Night турнирінің басты жекпе-жегінде октагонға шығады. Қазақстан уақытымен 1 наурызға қараған түні ол жергілікті жанкүйерлердің сүйіктісі, UFC-дің бұрынғы чемпионы Брэндон Мореномен (29-3-2) күш сынасады.
Қазіргі таңда Алмабаев өз дивизионының рейтингінде жетінші орында тұр. Ал Морено үздік бестікке енген. Алдағы кездесу қазақстандық спортшы үшін титулдық айқасқа апарар жолда шешуші сынақтардың бірі болмақ.