Айта кетейік, бұл туристік компанияға тиесілі катерлер бұған дейін де бірнеше рет апатқа ұшыраған.
Сыртқы істер министрлігі Таиландта катер апатынан зардап шеккен қазақстандық туристердің жағдайын баяндады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Таиландта катер апатынан зардап шеккен Қазақстан азаматы 13 қаңтар күні ауруханадан шығарылды. Тағы екі қазақстандық азамат ем қабылдап жатыр. Олардың жағдайы тұрақты.
Қайғылы оқиға Пхукет аралының маңында болған. Серуенге арналған катер балық аулау кемесімен соқтығысқан. Катер бортында үш экипаж мүшесі мен 52 турист, оның ішінде Өзбекстан, Қырғызстан және Ресей азаматтары болған. Төтенше қызмет өкілдері 23 туристі ауруханаға жеткізген. 18 жастағы Ресей азаматы ауруханада көз жұмды.
Қазір Таиланд билігі тергеу жұмыстарын бастады. Айта кетейік, бұл туристік компанияға тиесілі катерлер бұған дейін де бірнеше рет апатқа ұшыраған.
“Катер бортында сегіз Қазақстан азаматы болған. Зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетілді. Үш қазақстандық азамат ауруханаға жатқызылды. Олардың біреуі ауруханадан шығарылды. Екі азамат ем қабылдап жатыр, жағдайлары тұрақты, оңалып келеді. Барлық медициналық шығынды сақтандыру компаниясы өтеп жатыр. Елшілік азаматтармен тұрақты байланыста болып, қажетті көмек көрсетіп жатыр”, – делінген министрлік хабарламасында.