$ 509.94  593.88  6.43

«Жын кірген»: Танымал журналист Атыраудағы трагедияға қатысты сұмдық дерекпен бөлісті

"Күннен күнге жағдайы қиындап, өз-өзіне ие бола алмай қалды". 

Коллаж: Sn.kz
Коллаж: Sn.kz

Атырау облысында қоғам назарын аудартқан қылмысқа қатысты басты күдікті ретінде аталып жүрген Сұлтан Сәрсемалиев жөнінде жаңа мәліметтер жарияланды. Бұл туралы журналист Гүлмира Әбіқай мәлімдеді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Күдіктінің жұбайы Ақбаян — 30 жаста, бес баланың анасы. Ол кенже баласын өткен жылы өмірге әкелген. Ақбаянның жақындарының айтуынша, жүктілікке дейін бірнеше рет ота жасатып, денсаулығы айтарлықтай әлсіреген.

Марқұмның әпкесі Әсиләның сөзінше, бесінші баласын дүниеге әкелгеннен кейін Ақбаянның психологиялық жағдайы күрт өзгерген. Ол босанғаннан кейінгі депрессияға түсіп, жүйкесі сыр берген.

«Жүктілікке дейін бірнеше рет операция жасатты. Денсаулығы нашарлаған еді. Бесінші баладан кейін мінезі өзгеріп, босанғаннан кейінгі күйзеліске ұшырады. Өте шаршаған, жүйкесі тозған. Бір нәрсе айтсаң, басқа дүниені ойлап кететін. Күннен күнге жағдайы қиындап, өз-өзіне ие бола алмай қалды. Күйеуі оған жын кірді деп ойлап, әртүрлі емшілерге апарып жүрді. Біз бастапқыда оны іздемеген себебіміз де осы — емге кетті деп ойладық… Бұл өте ауыр жағдай», — деп көз жасын тыя алмады Әсилә.

Айта кетейік, аталған деректер қылмыстың мән-жайын тереңірек түсінуге мүмкіндік береді және қоғамда қызу талқыланып жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 7
Күлкілі 2
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары