$ 509.94  593.88  6.43

Шардарада қарт әкесін аяусыз азаптаған ер адамның соты басталды

Жігіттің дәрменсіз әкені ұрып–соққан сәті желіде тараған еді.

Фото: Видеодан алынған кадр
Фото: Видеодан алынған кадр

Түркістан облысында қарт әкесін азаптады деп айыпталған тұрғынға қатысты сот процесі жүріп жатыр, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

41 жастағы Алмас Садақбаев әкесінің дәрменсіз күйін пайдаланып, оны жүйелі түрде қорлаған және денсаулығына қасақана орташа ауырлықтағы зиян келтірген деген күдікке ілінген.

Іс Жетісай аудандық сотында қаралуда. Бүгін сотта куәлар жауап беріп жатыр.

Тергеу барысында қылмысты әшкерелеген бейнематериалдардың алдымен жергілікті чаттарда тарағаны, кейін ел көлемінде жария болғаны анықталды. Кадрларда айыпталушының қарт әкесіне жасаған зорлық-зомбылығы бейнеленген.

Аталған дерек қоғамда кең резонанс туғызып, құқық қорғау органдары істі жедел тергеуге алған.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары