$ 505.53  593.44  6.34

2026 жылы қазақстандықтарды қандай демалыс күндері күтіп тұр?

Биыл бірнеше ұзартылған демалыс кезеңі болмақ.  

Фото: pixabay.com
Фото: pixabay.com

2026 жылы Қазақстанда мерекелік күндердің ауысуы мен қосымша демалыстар жоспарланып отыр. Жаңа жылдан бастап бірнеше мереке демалыс күндеріне сәйкес келіп, соның есебінен қосымша демалу мүмкіндігі туады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

2026 жылғы негізгі демалыс және мерекелік күндер тізбегі мынадай:

1-2 қаңтар — Жаңа жыл (сәрсенбі мен бейсенбі).

8 наурыз — Халықаралық әйелдер күні жексенбіге түсіп тұр, сондықтан 9 наурыз, дүйсенбі — демалыс.

21-23 наурыз — Наурыз мерекесі. Бұл демалыстар сенбі мен жексенбіге түсуіне байланысты, 24 және 25 наурыз күндері де демалуға мүмкіндік береді.

1 мамыр — Қазақстан халқының бірлігі күні (жұма).

7 мамыр — Отан қорғаушылар күні (бейсенбі).

9 мамыр — Жеңіс күні сенбіге сәйкес келіп тұр, сондықтан 11 мамыр, дүйсенбі — демалыс.

6 шілде — Астана күні (дүйсенбі).

30 тамыз — Конституция күні жексенбіге келіп тұр, 31 тамыз, дүйсенбі — демалыс болады.

25 қазан — Республика күні де жексенбіге түсіп, 26 қазан күні демалысқа ауыстырылады.

16 желтоқсан — Тәуелсіздік күні (сәрсенбі), бұл күн ресми түрде демалыс болып саналады.

Биыл бірнеше ұзартылған демалыс кезеңі болмақ. Осы мүмкіндікті алдын ала жоспарлап, демалысты тиімді өткізуге болады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары