Сенбі күні республиканың басым бөлігінде жауын-шашын күтіледі.
"Қазгидромет" 2026 жылғы 3 қаңтарға арналған Қазақстан аумағы бойынша жалпы ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Болжамға сәйкес, сенбі күні республиканың басым бөлігінде жауын-шашын күтіледі.
"Республиканың көп бөлігі циклонның және оған байланысты атмосфералық фронттардың әсерінде болады. Соның салдарынан қар, боран, ал елдің оңтүстігінде жауын-шашын жауады", – деп мәлімдеді "Қазгидромет" РМК.
Елдің оңтүстік-батысында, шығысында және оңтүстік-шығысында жауын-шашынсыз ауа райы болжанады.
Сондай-ақ республика бойынша тұман, көктайғақ және желдің күшеюі күтіледі.