Оқиға орнына келген ТЖМ қызметкерлері өртті 6 шаршы метр аумақта жедел түрде сөндірді.
ТЖМ өрт сөндірушілері өрт кезінде 17 адамды құтқарды. Бұл туралы ТЖМ баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Sn.kz ақпарат порталы.
Ақмола облысының Көкшетау қаласында екі қабатты көппәтерлі тұрғын үйдің электр қалқанында өрт шыққан.
Оқиға орнына келген ТЖМ қызметкерлері өртті 6 шаршы метр аумақта жедел түрде сөндірді.
Кіреберістегі қатты түтінденуге байланысты ТЖМ қызметкерлері үш буынды сатының көмегімен терезе ойықтары арқылы 17 адамды, оның ішінде 5 баланы құтқарып қалды.