$ 504.6  594.27  6.48

Оралда жантүршігерлік жол апаты болды

4 адам зардап шекті.

Фото: видео скриншот
Фото: видео скриншот

Орал қаласына жақын аумақта, Жайық көпірі маңында ірі жол-көлік оқиғасы тіркелді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Полиция департаментінің мәліметінше, жол апаты 2025 жылғы 26 желтоқсанда шамамен сағат 17:00-де Самара – Шымкент автожолында, Теректі ауданына қарасты Подстепное ауылына кіреберісте, «Ақжол» кафесінің маңында болған. Оқиғаға төрт бірдей жеңіл көлік Lada Largus, Toyota Camry, Lada Granta және ВАЗ-2112 қатысқан.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан төрт адам түрлі дене жарақаттарын алып, Орал қаласындағы көпбейінді аурухананың жарақат пунктіне жеткізілді.

Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша полиция қызметкерлері оқиғаның нақты мән-жайы мен себептерін анықтау үшін тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары