23.12.2025, 23:30

«Табысымның 25%-ы кетеді»: Әкім Нұрдәулет Қилыбай некесіз туған ұлына қалай көмектесетінін айтты

Фото: instagram.com/intash_nauryzova/

Бұл – жеке бастың мәселесі.

Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай некесіз туған баласына алимент төлейтінін растады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Журналист некесіз туған баласының төңірегіндегі дауды облыс халқы қалай қабылдағанын және қанша алимент төлейтінін сұрады.

"Бұл – жеке бастың мәселесі. Біріншіден, әлеуметтік желіде жазылып жатқанның бәрі шындыққа сәйкес келмейді. Мен өзім сотқа жүгініп, баламды ресми тану туралы өтініш бердім. Қазір заң бойынша алимент төлеп жатырмын. Басында баланы мойындаған жоқпын, бұл менің қатем болды. Облыстық мәслихаттың бұрынғы депутаты Ынташ Наурызовадан туған некесіз ұлыма жалақым 1,9 млн теңгеден алимент ретінде 20-25 пайыз төлеймін”, – деді әкім.