Ер адамның мәйіті 22 желтоқсан күні табылған.
Алматы қаласында биыл қараша айында жоғалып кеткен 34 жастағы ер адам өлі күйінде табылды. Бұған дейін жоғалған азаматқа іздеу жарияланғаны туралы Lider.kz еріктілері Instagram парақшасында хабарлаған болатын, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Марқұм – Дүйсебеков Аяз Көшімбекұлы, 1991 жылы туған. Ол 25 қараша күні күндізгі сағат 12:00 шамасында Алматы қаласының Алматы қаласы, Алмалы ауданы, Райымбек даңғылы, 210/7 үй мекенжайындағы тұрғылықты жерінен шығып, қайта оралмаған.
Ер адамның мәйіті 22 желтоқсан күні табылған. Қазіргі уақытта оның қайтыс болу себебін сот-медициналық сараптама анықтайды.
Құзырлы органдар тарапынан оқиғаның мән-жайына қатысты қосымша ақпарат әзірге жарияланған жоқ.