Дереккөзге сүйенсек, ол бұл лауазымға 20 желтоқсан күні тағайындалған көрінеді.
Алматы қаласының экс-әкімі, қазір Президент әкімшілігінде жұмыс істейтін Ерболат Досаев «Самұрық-Қазына» АҚ-ның Директорлар кеңесінің мүшесі болып сайланды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.
Дереккөзге сүйенсек, ол бұл лауазымға 20 желтоқсан күні тағайындалған көрінеді.
«Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі басшысының орынбасары Досаев Ерболат Асқарұлы «Самұрық-Қазына» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі болып сайланды», - деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі.
Қазір «Самұрық-Қазына» АҚ директорлар кеңесінің 8 мүшесі бар, оның 4-уі — тәуелсіз директор.