Апатқа метан газының тұтануы себеп болған.
Ақпан айында «Қазақмысқа» қарасты кеніштердің бірінде жеті шахтер қаза тапты, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Үкіметтік комиссия қайғылы оқиғаға компанияны 100 пайыз кінәлі деп таныды. Апатқа метан газының тұтануы себеп болған.
Осы трагедиядан кейін «Қазақмыс» қауіпсіздік жүйесін қайта қарайтынын мәлімдеп, бірқатар кеніштің жұмысын уақытша тоқтатты. Алайда арада көп өтпей, тағы бір алаңдатарлық жайт анықталды. Бір ай бұрын түсірілген видеода «Жомарт» кенішінде тау жынысы опырылып, жұмысшылардың ажалдан әрең аман қалғаны көрінеді. Тау тікелей техниканың үстіне құлаған. Қатты гүрсіл, қою шаң мен қараңғылық орнап, шахта ішінде үрей басталған.
Шахтерлер соңғы сәтте ғана қашып үлгерген. Белсенділердің айтуынша, бұл жолы адам шығыны болмағаны - тек кездейсоқтық.
«Тағы бір сәт кешіккенде, тағы да адам өлімін тіркейтін едік», - дейді олар.