22.12.2025, 10:50

Шахтинскіде базар маңында ажалға апарар ашық құдықтар көбейді

Фото: Видеодан алынған кадр

Қыс мезгілінде мұз қатып, қар басқан аумақта бұл жерді байқау қиын, ал бір сәттік салғырттық қайғылы жағдайға әкелуі мүмкін.

Шахтинск қаласында базардың дәл жанында ашық тұрған колодец тұрғындар үшін үлкен қауіп төндіріп тұр, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Қыс мезгілінде мұз қатып, қар басқан аумақта бұл жерді байқау қиын, ал бір сәттік салғырттық қайғылы жағдайға әкелуі мүмкін.

Күн сайын осы жермен базарға баратын адамдар, балалар мен қарттар жүріп өтеді. Алайда қала әкімдігі қауіпті аумақты қоршауға да, құдықты жабуға да асығар емес. Мұндай немқұрайлық адам өміріне тікелей қатер төндіреді және жауапты мекемелердің салғырттығын көрсетеді.

Тұрғындар ашық құдықты шұғыл түрде жабуды және қауіпсіздік шараларын дереу күшейтуді талап етеді.