22.12.2025, 10:20

Алматыда жер сілкінісі болды

Фото: Алматы қаласының әкімдігі

Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан шамамен 270 шақырым қашықтықта орналасқан.

22 желтоқсанда Астана уақытымен 02:16-да Қытайдың Шыңжаң өлкесі Ақши ауданында магнитудасы 5 балл жер сілкінісі тіркелді. Жерасты дүмпуі Алматы қаласында 2 балл шамасында сезілді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.  Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан шамамен 270 шақырым қашықтықта орналасқан. Ақши ауданы Тянь-Шань тау жүйесіндегі сейсмикалық белсенді аймақ саналады. Бұған дейін осы өңірде 4 желтоқсанда да магнитудасы 5,8–6 балл жер сілкінісі болып, Алматыда 2–3 балл деңгейінде сезілген.