Жергілікті тұрғындар мен құтқарушылар қора-қопсыларды аршып, қарға көміліп қалған қойларды шығаруға тырысқан.
Батыс Қазақстан облысында болған қатты боран салдарынан ауыл тұрғындары ауыр шығынға ұшырады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Әлеуметтік желіде тараған видеода Қазталов ауданына қарасты ауылдардың бірінде қойлардың қалың қардың астында қалып қойғаны көрінеді. Кадрларда жергілікті тұрғындар мен құтқарушылар қора-қопсыларды аршып, қарға көміліп қалған қойларды шығаруға тырысқан.
Алайда кейбір мал тірілей қар астында қалып, үсіп өлген. Видео Instagram желісіндегі hello_astana2 парақшасында жарияланған.