Қазақстанға қайтарылғаны туралы мәлімет шындыққа жанаспайды.
ҚР Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Ержан Ашықбаев әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Оның айтуынша, Қытайда өмір бойына сотталған Ақжарқын Тұрлыбайдың Қазақстанға қайтарылғаны туралы мәлімет шындыққа жанаспайды.
Қазіргі уақытта Ақжарқын Тұрлыбай елге әлі жеткізілген жоқ.
Дегенмен, министрліктің өкілі оны Қазақстанға қайтару бағытында тиісті жұмыстар жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.
Айта кетейік, бұған дейін әлеуметтік желілерде Ақжарқын Тұрлыбайдың елге әкелінгені жөнінде ақпарат кеңінен тараған болатын.