$ 519.61  610.13  6.54

«Алматы-Бангкок» рейсінде екі шетелдік азамат мас күйінде төбелескен (ВИДЕО)

Оқиғаға қатысты төрт азамат рейстен түсіп қалды.

Фото: видеодан скриншот
Фото: видеодан скриншот

Алматы қаласының әуежайында «Алматы-Бангкок» бағытындағы әуе рейсінен желілік полиция бөлімінің қызметкерлері акт бойынша шетелдік төрт азаматты ұшақтан түсірді. Олардың екеуі масаң күйде болған. Араларында жанжал шығып, арты төбелеске ұласқан, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Көліктегі полиция департаменті хабарлағандай, әуе кемесінің бортында бұзақылық әрекеттер жасағаны үшін қылмыстық іс қозғалды. Құқық бұзушылардың екеуі уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жарияланбайды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары