$ 519.61  610.13  6.54

«Қыста көлік айдауға қорқамын» деген депутаттың кептелісте тұрған видеосы тарады

СҚО әкімінің “көрінбейтін” қызметтік көлігінен кейін шенеуніктердің жеке көлігіне қатысты тақырып күтпеген жерден Астанада жалғасын тапты.

Фото: видеодан скрин
Фото: видеодан скрин

“Қыста көлік айдауға қорқамын” деген депутат Самат Нұртаза кептелісте тұрған видеосы тарады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы Stan.kz-ке сілтеме жасап. 

СҚО әкімінің “көрінбейтін” қызметтік көлігінен кейін шенеуніктердің жеке көлігіне қатысты тақырып күтпеген жерден Астанада жалғасын тапты.

Қыс мезгілінде қалай жүретінін және көлікгінің ауа райының күрделі жағдайына дайындығын сұраған журналиске депутат Самат Нұртаза қыс кезінде көлік жүргізбейтінін, қорқатынын айтып жауап берген.

Алайда кейінірек депутаттың Астана көшелеріндегі кептелістердің бірінде қымбат көлік тізгіндеп бара жатқан видеосы тарады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары