$ 519.61  610.13  6.54

Таразда 10 жыл күткен 150 отбасы баспанасыз қалуы мүмкін: тізімнен бір-ақ күнде сызып тастаған

Олардың айтуынша, кейбірі баспана кезегінде 10 жылға жуық тұрған.

Фото: видеодан скрин
Фото: видеодан скрин

Тараз қаласында 150 көпбалалы және аз қамтылған отбасы тұрғын үй кезегінен негізсіз шығарылғанын айтып, дабыл қақты, деп жазады Sn.kz ақпарат порталы.

Олардың айтуынша, кейбірі баспана кезегінде 10 жылға жуық тұрған. Жағдайды ушықтырған тағы бір мәселе – желтоқсан айының соңында уақытша жалдамалы пәтерлердің келісімшарты аяқталады, ал тұрғындар қыстың қақаған аязында далада қаламыз ба деп алаңдап отыр.

Қала әкімдігі бұл жағдайды заңнамадағы өзгерістермен және деректер базасының «Отбасы банкке» берілуімен түсіндірді. Жаңа талапқа сәйкес, мемлекеттік жалдамалы тұрғын үйде тұрып жатқан азаматтар енді «мұқтаж» санатына жатқызылмайды. Шенеуніктердің айтуынша, Жаңа жылға дейін ешкімді шұғыл түрде көшеден шығару жоспарланбаған, мерекені отбасылар өз үйлерінде қарсы алады. Алайда тұрғын үй мәселесін шешу үшін азаматтарға ипотекалық немесе жалдамалы бағдарламаларға қайтадан құжат тапсыру ұсынылған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары