$ 519.61  610.13  6.54

Петропавлда жеті жыл күткен жөндеу: шатыры шіріп, үй опырылудың алдында тұр

Тұрғындардың айтуынша, үйдің төбесіндегі ағаш құрылымдар шіріп, кезекті тіреуіш құлап, төмендегі пәтерде сылақ опырылған.

Фото: видеодан скрин
Фото: видеодан скрин

Петропавл қаласындағы Интернациональная көшесі, 33-үйдің тұрғындары жеті жылдан бері шатырдың жөнделуін күтіп келеді, деп жазады Sn.kz ақпарат порталы.

Тұрғындардың айтуынша, үйдің төбесіндегі ағаш құрылымдар шіріп, кезекті тіреуіш құлап, төмендегі пәтерде сылақ опырылған.

Үй шатырының астында жылу жүйесі орналасқан, абырой болғанда, құлаған бөлік құбырға түспей, бүкіл үйді қатырып жіберу қаупі болмаған. Тұрғындар бірнеше рет әкіммен кездесіп, ресми хат жолдағанын, тіпті жөндеу үшін өздері төлеуге дайын екенін айтады. Олардың сөзінше, көршілес үйлердің шатыры әлдеқашан жөнделген, тек осы екі подъезді үй ғана назардан тыс қалған. Қала халқы әлеуметтік желіде бұл жағдайды бүкіл Петропавлға ортақ мәселе деп атап, ескі үйлердің тозуы қауіпті деңгейге жеткенін жазуда.

Ал әкімдік тұрғындардың нақты дабылына қарамастан, мәселені жылдар бойы созып, жауапкершілікті кейінге ысырып отыр деген сын күшейіп келеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары