СҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің мәліметінше, жоғарыдан құлаған екінші адам емдеу мекемесіне жатқызылған жоқ, ол амбулаторлық ем алады.
Петропавлда монтаж жұмыстары барысында көтергіш платформадан екі адам құлап кетті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Солтүстік Қазақстан облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға бүгін болған. Жұмысшылардың бірі — 35 жастағы ер адам — алған жарақаттарынан сол жерде көз жұмды, ал 1994 жылы туған екінші жұмысшы ауруханаға жеткізілді.
— Осы факті бойынша еңбек қауіпсіздігі талаптарының бұзылуы белгілерімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Істің барлық мән-жайын толық анықтау мақсатында қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Тексеру қорытындысы бойынша түпкілікті процессуалдық шешім қабылданады, — делінген баспасөз хабарламасында.
СҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің мәліметінше, жоғарыдан құлаған екінші адам емдеу мекемесіне жатқызылған жоқ, ол амбулаторлық ем алады.
31 жастағы ер адам кеудесінен соққы алған, қабақ тұсы жыртылып, сол қолы жырылған.
Екі жұмысшы интернет тартпақ болған екен.
«Қазақтелеком» АҚ 2025 жылғы 5 желтоқсанда Петропавл қаласында болған оқиғаға қатысты компанияда ішкі тексеру жүргізіліп жатқанын хабарлады.
— Қазір оқиға бойынша құқық қорғау органдары сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр, тергеу мүддесі үшін істің мән-жайы туралы мәліметтер жария етілмейді.
Жоғарыда аталған іс-шаралар аяқталған соң компания ресми мәлімдеме жасайды, — деді компания өкілі.