Гидропост бақылаушылары мен инженерлік-техникалық мамандар бекітілген әрекет алгоритміне сәйкес өзен арналары мен гидротехникалық құрылыстарды тексеріп шықты.
Алматы қалалық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, патрульдік полицияның қызметтік көліктері мен өрт сөндіру бөлімшелерінің техникасы микроучаскелерді аралап, жағдайды бақылап жүр, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Ал гидропост бақылаушылары мен инженерлік-техникалық мамандар бекітілген әрекет алгоритміне сәйкес өзен арналары мен гидротехникалық құрылыстарды тексеріп шықты.
Сонымен қатар, ҚР ТЖМ «Қазселденқорғау» мемлекеттік мекемесінің мамандары да өзен арналарының жай-күйіне, гидротехникалық нысандарға, оползень және сел жүру қаупі бар аумақтарға мониторинг жүргізіп жатыр. Қауіпті жағдайдың алдын алу мақсатында өмірді қамтамасыз ететін нысандар да визуалды түрде тексерілуде. Бүгінгі таңда бұл нысандар қалыпты режимде жұмыс істеп тұр.
Зардап шеккендер мен қирау деректері тіркелген жоқ.