$ 508.2  589.82  6.54

Солтүстік Қазақстанда жас жігіттің мәйіті табылды

Мектепті аяқтағаннан кейін ол жұмыс істемеген және оқымаған.

Фото: istockphoto.com
Фото: istockphoto.com

Солтүстік Қазақстан облысында 19 жастағы жігіт өз-өзіне қол жұмсады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Оқиға Айыртау ауданына қарасты Саумалкөл ауылында болды. Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, бұл факті бойынша ҚК 105-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

«Алдын ала ақпарат бойынша, ол суицид жасаған. Қылмыстық іс тіркелді. Оқиғаның себептері мен мән-жайлары анықталып жатыр», – делінген СҚО ПД баспасөз қызметінің хабарламасында.

Ауыл тұрғындарының айтуынша, жас жігіттің денесі аулада (немесе бақшада) табылған. Мектепті аяқтағаннан кейін ол жұмыс істемеген және оқымаған.

Саумалкөл ауылының тұрғындары отбасы туралы «қарапайым жанұя» дейді, ата-анасы жұмыс істейді. Жігіттің несие алғаны да, көзге көрінерлік проблемалары да болмаған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#полиция #СҚО