$ 512.53  592.43  6.53

«Қытай қаптап, қазақ далада қалды»: Ауыт Мұқибек көші-қон саясатын сынға алды (ВИДЕО)

Оның сөзінше, қытайлықтар тым еркінсіп, бақылаусыз кетіп барады. 

Белгілі қоғам қайраткері, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің штаттан тыс кеңесшісі Ауыт Мұқибек Алматы мен Астанаға қытайлықтардың тым қаптап кеткенін айтып, алаңдаушылық білдірді. Ол ҚХР-ның азаматтары елде өз көліктерімен еркін жүре беретіндерін, ал қазақстандықтардың Қытайға машинамен кіре алмайтынын да «Қасқа жол» YouTube бағдарламасына берген сұхбатында ашық айтты, деп жазады Sn.kz ақпарат порталы.

Оның сөзінше, қытайлықтар тым еркінсіп, бақылаусыз кетіп барады. 

«Алматыға барсаңыз қытайдың машинасы қаптап жүр, Астанада да жүр. Олар көлігімен бір-ақ келеді, біздің азаматтар солай Қытайға бара ма?  Жоқ, біздікі бару үшін үшін кемінде 4-5 млн теңге ақша төлеуің керек екен. Ал олар бір жылға 100 мың теңге төлеп қана көлігімен кіріп жүр. Арзан бензинімізді құйып, "багын" толтырып Алматыда жүр», — деді қоғам қайраткері. 

Спикердің сөзінше, елге келген қытайлықтар мүлдем бақылаусыз. Базардың да бәрін жаулап алған. 

«Қазақстанға келген қытайлар қонақ үйде жатып жүрген жоқ, Алатаудың етегіндегі зәулім үйлерде жатыр. Тамағын да өзімен әкеледі, сенің қонақ үйіңе жатып, рестораныңнан тамақ жеп жатқаны шамалы олардың. Оларға Қазақстанға келсең кемінде бес жұлдызды қонақ үйде жатуың керек деп міндеттеу керек еді. Әсіресе Қытайдан келген қазақтар қайта барса, оларды туыс-туғанының үйіне жатқызбай, мәжбүрлеп апарып қонақ үйге жатқызады полиция. Базардың бәрін қытайлар алып қойды, өздері тауар әкеліп, өздері қоймаға қойып тұрып сатып жатыр. Қазақ байғұс далада қалып жатыр. Отандық өнім өндіру деген Қазақстанның түсіне де кірмейтін болды, қытай арзанын әкеп сатады. Біздер шектеу қоя алмаймыз», — деді министрдің кеңесшісі. 

Ауыт Мұқибек ішкі көші-қон саясатын да сынға алды. Оның сөзінше, бөлінген қаражат тиімсіз жұмсалған. Есесіне Президенттің тапсырмасы орындалмай келеді. 

«Мәулен Әшімбаев біз күткен нәтиже берген жоқ деді. Ішкі көші-қон нәтиже бермесе, сыртқы көші—қонда шешілмеген. Кещінде солтүстікке, иен жатқан ауылдарға оңтүстіктен адам арару, қоныстандыруға бір миллиард теңге бөлінген. Оны жеп қойды, көші—қонға бөлінген қаражатты. Арзан үй алып, мәселен ауылдағы үйді 150, 200 мың теңгеге сатып алып, оны бәлен миллион деп көрсетеді. Мен Президенттің саясатын жүз пайыз қолдаймын. Бірақ ол мәжбүрлі түрде емес, ынталандыру арқылы жасалу керек. Бұның ел болып бір тиімді жолдарын ойлап табуымыз керек. Бектенов жуырда көші—қон тұжырымдамасын жаса деді. Яғни, Тамара Дүйсенованың кезіндегі тұжырымдама түкке жарамсыз болып қалды. Бірақ қыруар қаржы желге ұшты»,  — деді ол.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 3
Ұнамайды 2
Күлкілі 0
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары