$ 516.86  598.68  6.58

«Ешқандай қойылым емес, шындығы сол»: Ұшақта министр көмектескен әйел танымал журналист болып шықты (ВИДЕО)

Бұл туралы журналист Гүлмира Әбіқай жеке парақшасына жазды.

Фото: коллаж Sn.kz
Фото: коллаж Sn.kz

Ол Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназароваға алғысын жаудырған, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы

Бұған дейін журналист Сырым Итқұлов та өзінің телеграм арнасында көмек алған жолаушы 1,6 миллион жазылушысы бар журналист Гүлмира Әбіқай екенін айтқан еді. Дәл сол күні журналист Оқу-ағару министрімен де кездесу жоспарланған.

– Кей журналист айлап нақты мәселелер бойынша жауап ала алмай жүргенде, бір күннің ішінде екі министрмен жолығу – ерекше жағдай, – деп жазады Сырым Итқұлов. 

Ал журналистің сөзінше, ол орындықта отырған кезде өзін нашар сезінген. Сол сәтте министр Әлназарова дереу келіп, алғашқы көмегін көрсеткен. Гүлмира Әбіқай оқиғаның растығына дәлел ретінде өз билетін де көрсетті. 
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 2
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары