$ 516.86  598.68  6.58

Астанада автобуста орынға таласқан екі әйел бір-бірімен төбелесіп қалған (ВИДЕО)

Оқиға кішкентай қыздың көзінше болған. 

Фото: Астана қаласының әкімдігі
Фото: Астана қаласының әкімдігі

Астанада екі әйел автобустағы орын үшін төбелесіп қалған, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Полиция мәліметінше, 26 және 36 жастағы екі әйел орын үшін жанжалдасып, арты төбелеске ұласқан.

Желіде тараған видеода әйелдердің бірінің басы қанап қалғанын, кішкентай қызының жылап жатқанын көруге болады.

Қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүріп жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулы 5

Серіктес жаңалықтары