Тәтті бәліштер, салаттар мен түрлі жемістер бұл тізімде жоқ.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жаназа мен құдайы аста ысырапшылдықтың алдын алу үшін арнайы мәзір бекітті. Енді жаназада артық салат, торт, бәліш, жеміс-жидек қоюға болмайды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Мүфтият мәзірде алты негізгі өнімді бекіткен. Яғни дастарханда:
Сонымен қатар сары май, тары- талқан, қант пен кәмпит ұсыныс ретінде енгізілген. Тәтті бәліштер, салаттар мен түрлі жемістер бұл тізімде жоқ.
Имам Өмірзақ Бекқожаның айтуынша, исламда ысырапқа тыйым салынған. Бұл жерде басты мақсат келген жамағатты тамақтандыру ғана. Артық ас беруге, жарыс жасауға болмайды.
“Жергілікті имамдар осы мүфтияттың осы бекітілген құжатын халыққа жеткізуге бәріміз міндеттіміз. Өзіміздің барлық қазағымыз бір сондай бір тәртіпте бір ізгілікпенен, жаңағы қазаның дастарханын бір ізгілікке түсіреді деген үлкен үмітіміз бар”, – деді имам.
Қазір бұл талап Арқалық, Павлодар, Абай облысы мен Жезқазған қаласында енгізіліп қойған. Имамдар мен ғалымдардың пікірінше, қара жамылған отбасының үстелінде түрлі тағамдардың болмағаны жөн. Ас - халықтың бір-біріне көрсеткен құрметі мен дұғасы. Ал бәсеке мен ысырап құрметті жоққа шығарады.