$ 518.19  597.32  6.43

«Араб емеспін, қазақпын» деу надандық»: Исламтанушы блогерлерге ескерту жасады

Теологтың айтуынша, хиджаб шешу әркімнің өз таңдауы, десе де оны желіге жариялап, дабыра салудың қажеті жоқ.

Фото: Видеодан алынған кадр
Фото: Видеодан алынған кадр

Қазақстандық теолог әрі исламтанушы хиджаб киген соң оны шешуге қатысты мәселені түсіндірді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Теологтың айтуынша, хиджаб шешу әркімнің өз таңдауы, десе де оны желіге жариялап, дабыра салудың қажеті жоқ.

“Кей блогерлер біраз уақыт хиджаб киіп жүріп, кейін желіде “хиджабты шештім” деп хабарлайды. Оларға біреу күштеп кигізгендей осылай айтады. Бұл дұрыс емес. Бірақ олардың жеке таңдауы. Дегенмен орамалдан бас тарту үшін оны әлеуметтік желілерде хабарлау міндет емес. Одан кейін қазақ халқында ақ жаулыққа ерекше құрметпен қарайды. Сондықтан орамалды тек арабтарға тән деп, “араб емеспін, қазақпын” деу надандық”, – деді теолог Серікжан Еншібайұлы.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 3
Ұнамайды 5
Күлкілі 4
Ашулы 2

Серіктес жаңалықтары